Денсаулықтың медициналық әлеуметтік негіздері
ISBN: 978-601-362-368-9
Баға
9 000 ₸
Оқу құралында дені сау адамдардың денсаулық туралы ғылымының теориялық негіздері: пәні, міндеттері және негізгі бағыттары қарастырылған. Кітапқа студенттердің медициналық сауаттылығын қалыптастыруға, салауатты өмір салты қағидаттарын түсінуге, қазіргі әлемдегі өзекті әлеуметтік-медициналық мәселелерді шығармашылық тұрғыда меңгеруге және денсаулық пен аурулардың биологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық негізделуін ғылыми тұрғыдан түсінуге бағытталған материалдар енгізілген. Сондай-ақ, физикалық, психикалық және әлеуметтік жағынан жетілген, үйлесімді дамыған тұлға ретінде белсенді азаматты қалыптастыруға мән беріледі. Оқу құралында қазіргі адамның денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға, атап айтсақ: тамақтану, еңбек, физикалық және интеллектуалдық жүктемелер, психоэмоционалдық жағдайларға ерекше назар аударылған. Ұсынылып отырған оқу құралы орта және жоғары оқу орындары студенттеріне, сондай-ақ денсаулық сапасына мән беретін барлық тұлғаларға арналған.