"Адамның мәдени құқықтары және оларды қазіргі әлемде жүзеге асыру мәселелері"
ISBN: 978-601-362-364-1
Баға
5 000 ₸
Монография адамның мәдени құқықтары мен оларды қазіргі әлемде жүзеге асыру мәселелеріне арналған диссертациялық зерттеудің нәтижелерін қамтиды. Жұмыстың өзектілігі отандық заң ғылымында адамның және азаматтың мәдени құқықтары мен бостандықтары институтының жеткіліксіз даму деңгейімен, осы құқықтар тобының өсіп келе жатқан маңыздылығымен анықталады. Еңбекте адамның мәдени құқықтарын құқықтық реттеуге байланысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар берілген, олардың конституциялық және әлеуметтік құндылығы негізделеді. Сонымен қатар, адамның және азаматтың мәдени құқықтарын іске асыру мәселелеріне, оларды қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктерінің орны мен рөліне ерекше назар аударылған.
Ұсынылып отырған монография студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға, ғылыми және практикалық қызметкерлерге және мәдениет саласының қызметкерлеріне арналған.
Ұсынылып отырған монография студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға, ғылыми және практикалық қызметкерлерге және мәдениет саласының қызметкерлеріне арналған.